Тұрсынбекованың жақтастары патриоттық іс-шара өткізді
Тұрсынбекованың жақтастары патриоттық іс-шара өткізді
484
оқылды
Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекованың жақтастары ерекше патриоттық акция өткізді.  «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері Ақмола облысының Софиевка ауылына бейнебаян түсіруге барды.
Акцияның түрлі жастағы қатысушылары атқа қонып, қолдарына Қазақстанның туы мен кандидаттың есімі жазылған үгіт жалауын ұстап, далада серуен жасады.  Көріністі жан-жақтан сапалы етіп түсіру үшін дрондар пайдаланылды.
Акция кандидат теледебатқа дайындалып жатқан кезде жүргізілді. Еске салайық, жеребе қорытындысы бойынша құқық қорғаушы Салтанат Тұрсынбекованың бесінші болып сөз алатыны анықталды. Пікірсайыс 11 қарашада, сағат 20:00-де «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі. Үміткерлер сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, бір-біріне сұрақтар қояды, сондай-ақ қазақстандықтардың сауалдарына жауап береді. Айта кетейік, Салтанат Тұрсынбекова – қоғам қайраткері, құқық қорғаушы, екі баланың анасы.  Ол соңғы жылдары елімізде ең көп талқыланатын және резонансты тақырыптардың бірі – отбасылық зорлық-зомбылықпен күресудегі көп жылғы қажырлы еңбегімен танымал.