30 автомат пен 27 тапаншаны ұрлап кеткен әскери қызметші ұсталды
30 автомат пен 27 тапаншаны ұрлап кеткен әскери қызметші ұсталды
© inform.kz
398
оқылды
Әскери бөлімнен қашып кеткен әскери қызметшіні іздеуге қатысты операция аяқталды, - деп хабарлайды ІІМ баспасқөз қызметі. «ІІМ және ҰҚК қызметкерлерінің арнайы жедел тобы атыс қаруын ұрлап, әскери бөлімді тастап кетіп қалған 1995 жылғы Абылай Балғынбайды ұстады. Қаруды ұрлауға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 291 –бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада. Еске салайық, бұған дейін Шымкент қаласының жанындағы Бадам әскери бөлімшесінде келісімшарт негізіндегі кіші сержант қару-жарақпен қашып кеткенін хабарлаған болатынбыз.