Путин vs Ходорковский: ескі қарыздың құны – 50 млрд доллар
Путин vs Ходорковский:  ескі қарыздың құны – 50 млрд доллар
285
оқылды
Ескі жау атыспаққа жақ­сы демекші, көзкөрген қар­сыластардың жанжалы жаңа деңгейге шықты. Гаага­да­­ғы апелляциялық сот Ре­сейдің ЮКОС ком­­паниясының бұрын­ғы ак­цио­нер­леріне 50 млрд дол­лар өтемақы төлеуі тиіс де­ген ше­шім шы­ғарды. 2014 жылы дәл осын­дай шешімді Гаагадағы аралық сот жария­лаған еді. Алайда ол кезде Ресей 2 жыл дауласып, ше­шім­нің күшін жойды. Енді бұл жолы Владимир Путин 50 млрд доллар төлеуге келісе қояр ма екен? 2013 жылы абақтыдан босап шыққан ЮКОС-тың экс-басшысы Ходорковский бірден Ресейден көшіп кетті. Германияға жетіп, сұхбат беріп, енді бизнеске де, саясатқа да араласпаймын деп мәлімдеді. Алайда бостандықтағы экс-кәсіпкердің тыныш жатпасы анық еді. 2014 жылы Украинада халық толқып жатқанда Киевке келіп, жұрт алдында Кремльді айыптап, сөз сөйледі. Алайда мұның барлығы алғашқы қадамдар еді. Негізгі мәселе ақшаға келіп тірелді. ЮКОС компаниясының бұрынғы акционерлері Ресей үкіметін сотқа беріп, шығындарын өтеуін талап етті. Олар Ресейге нақты қандай айып тақты? Негізгі мін – үкімет 2000 жылдары ком­панияның мүлкін заңсыз тар­тып алды. Гаага соты бұл істі қарай келе айып­­пен келісті. Негіздемесі – Ре­сей Энергетикалық хартияның ке­­лісім-шартын бұзып, ком­па­­ния активтерін заңсыз ием­ден­ген. Хартия энергетика са­ла­­­­сына құ­йыл­ған шетелдік ин­­­вес­­ти­ция­ларды қорғау үшін жа­сал­ған. Ал ЮКОС компаниясы 1990-2000 жылдары Ресейдегі мұ­най-газ сек­торының ең ірі өкіл­дерінің бірі бо­латын. Сөйтіп, 2014 жылы Гаагадағы ара­лық сот акционерлердің ары­зымен келісіп, шығын көлемін 50 млрд долларға бағалап, Мәскеу оны төлеуі қажет деген тоқтамға кел­ді. Мәскеу бұрын-соңды мұн­дай үлкен айыппен бетпе-бет келмеген еді. Сондықтан ше­шім­мен келіспей, бірден апелля­ция­лық сотқа шағым берді. Мұндай шағымдар бірден қа­рала қоймайды, сот қос та­рап­­тың барлық дәйектемелерін қай­та қарауы керек. Ол уақыт шы­­­ғындайтын процесс. Деген­мен сот орындаушылар келе­сі ше­­шімді күтпейді. Сондық­тан 2014 жылғы кесімнің не­­­­­­гі­­зінде Еуропаның бірнеше елін­­­де Ресейге қарасты актив­­тер бұғаттала бастады. Ак­цио­­­­нерлердің мүддесін қор­­­ғай­­­тын Group Menatep Li­­mi­­ted (GML) компаниясы ал­ты мем­ле­­кеттегі Мәскеуге қа­­­­рас­ты мен­­­шікті иемденуге ты­рыс­ты. Нә­ти­­жесінде, 2015 жы­лы Бель­­гия­да құны 1,7 млрд дол­лар, Фран­­­цияда 1 млрд дол­­лар тұра­тын Ре­сей активі құ­рық­­талды. Олар­дың арасында «Ре­сей бүгін» мем­лекеттік ақ­­парат агенттігі мен ғарыш кәсіп­орын­дары­­ның есепшоттары, мүлкі бар еді.    width= Ресей қараптан-қарап 50 млрд долларды ЮКОС акционерлеріне беріп қоймайтыны белгілі. Сон­­дықтан олар Гааганың бас­қа соты – аймақтық сотқа ша­ғым түсірді. Аймақтық сот Ресей­дің дәйектеріне сенім артып, Гаага­­дағы аралық соттың ше­ші­­мін жойды. Мұндағы уәжі – жоғарыда айтылған Энер­ге­ти­калық хартияға Ресей 1994 жылы қол қойғанымен, оны ра­ти­­фикацияламаған екен. Сәй­­ке­сінше, оны орындауы мін­дет емес. Сөйтіп, Мәскеу 50 млрд долларлық өтемақы төлеу мін­детінен құтылды. Дегенмен ресей­ліктер көп қуана қоймады, өйт­кені ЮКОС акционерлері кү­ресті жалғастырды. Олар Ни­дерландтың апелляциялық сотына қайта шағымданды. Енді ол соттың бұл іске көзқарасы мүл­­дем басқа болып шықты. Нақ­­тырақ айтса, соттың пікірін­ше «егер Ресей 1994 жылы әлгі Хар­тияға қосылса, оны орындауы мін­дет. Хартия Ресей заңдарына қар­сы келмейді». Болды. Осы­мен апелляциялық сот жыр болған 50 млрд доллар төленуі тиіс деп алғашқы шешімді қал­пы­на келтірді. Енді Мәскеу бұл тұжырыммен келіспей, Ни­дер­­­ландтың Жоғарғы сотына ша­ғым­данбақ. Халықаралық құқық маман­да­ры ЮКОС иелерінің мүддесін қорғайтын GML компаниясы айтылған 50 млрд дол­лардың бәріне қол жетеді де­генге сенбейді. Бірақ бұл соманың бел­гілі мөлшерін өндіруі мүмкін. Оған бірнеше себеп бар. Біріншіден, Ресейдің Нидерландтағы Жоғар­ғы сотта жеңуі неғайбіл, себебі олар апелляциялық соттың ше­ші­мін көбіне күшінде қалды­ра­ды. Яғни, акцио­­нер­лер жеңе­ді. Екіншіден, Фран­ция мен Белгияда шетелдік мү­­лікті бұғат­тауға кедергі болатын заңдар кү­­шіне енген. Бұл заңдар қазір Ре­­сей жағында. Үшіншіден, Ре­­сей жағ­дай­дың осылайша өр­­буін болжап, Еуропадағы ак­ти­в­терін еліне қайтарып немесе Еу­ро­падағы есепшоттарын жа­уып, дайын­далуы мүмкін. Осы жағ­­­дай­лар­ды ескерсек, ЮКОС ак­цио­нер­лері бірнеше миллиард дол­ларға қол жет­кізуі мүмкін, бірақ толық 50 млрд емес. Жалпы, бұл дау неден бас­тал­ды? Әрине, 2000 жылдардың басын­да­­ғы Ресейдегі билік пен қа­ра­жатқа талас себеп деуге негіз бар. Владимир Путин ел бас­­шылығына келген соң ресей­лік оли­гархтармен «ойын ереже­­сін» қа­й­та түзе бастады. Көпте­ген биз­несмен ол ере­­желерді қа­­­былдады. Ал Борис Бере­зов­ский, Влади­мир Гусин­ский, Михаил Ходорков­ский сынды ірі кәсіпкерлер Путиннің айда­ғы­на көнбейтінін жанама болса да жеткізді. Ісімен қарсылық та­нытты. Көп өтпей жаңа пре­зи­­дент сол қылықтары үшін бә­рін «жазалады». Алғаш­қы екеуі шетелге қашып құ­тыл­­са, ЮКОС-тың иесі Ходор­ков­­ский 2003 жылы 14 жылға сот­­талды. Тағылған айып – қар­­­жы жымқыру мен салық тө­­­­леуден жалтару. Алайда са­рап­­­­­шылар шын мәнінде Пу­тин Хо­дорковскийдің сол кез­дегі Ресейдегі оппозициялық пар­­тия­лар «Яблоко» мен Ком­му­нис­тік партияны қаржы­лан­­дыр­ға­нын кешіре алмады дейді. Басшысы ұсталған соң ЮКОС-тың бүкіл мүлкі өзге ком­­панияларға байқау негізінде саты­­лып кетті. Жалпы соммасы 859,044 млрд рубльді құрады. Көз алдын­да алып компаниялары ғайып болған соң акционерлер жоғарыда сөз болған Гаага сотына шағымданды. 2009 жылы аталған сот Ресейді 100 млрд доллар өтемақы төлеуге міндеттеді. Міне, сонау 2000 жылдардың бастапқы мерзімінде билік пен бизнеске таластан басталған дау әлі жалғасып келеді. Жақын аралықта бітетін түрі жоқ.   Нұрмұхамед БАЙҒАРА