Мансұрхан Махамбетов: Қазақстан халқы өз таңдауын жасауда

 Мансұрхан Махамбетов: Қазақстан халқы өз таңдауын жасауда

Парламентаризм институтының директоры Мансұрхан Махамбетов бүгін өз таңдауын жасап, дауыс берді.  – Бүгін қазақстан халқы өз таңдауын жасауда. Құбылып өршіп тұрған төрткүл дүниені жіті бақылап көріп отырған дана халқымыз сайлаудан сырт қалмай дауыс беруде! Бұл бірінші кезекте үлкен - СЕНІМ! Халықтың қалауымен ендігі кезекте келетін Президенттің жауапкершілігі деп білемін. Алдағы жеті жылда халқымызды "қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай" елдің амандығын, қауіпсіздігін қарастырып, азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттыруға күш салу қажет. Сол үшін өз қалауымды жасадым!, – деді Мансұрхан Махамбетов.