Әділ Ахметов өз таңдауын жасады
Әділ Ахметов өз таңдауын жасады
757
оқылды
"Жастар" театрының директоры, актер Әділ Ахметов сайлауға қатысып, өз үміткеріне дауыс берді. Актер дауыс беру үшін Астанадағы №372 учаскеге барған. Айтуынша, Қазақстан Республикасы президентін кезектен тыс сайлауда халықтың қарасы көп болған. Онымен бірге Астана қаласы Музыкалық жас көрермен театрының директоры Асхат Маемиров те отбасымен сол учаскеге келген. – "Бүгін елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Мемлекеттің тыныштығы мен балалардың болашағы үшін өз таңдауымды жасадым. Ел болашағы – біздің қолымызда. Әрбір дауыс өзіндік үлкен маңызға ие", – дейді Әділ Ахметов. Ал Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров "Ет жүрегі ел деп соққан әрбір азамат бүгінгі күні біздің ұлан-ғайыр Қазақстанымызда үйде жатпауы керек. Міндетті түрде дауыс беруі керек! Себебі, президент сайлауы  –  біздің конституциямыздың кепілі», – дейді.