Садыр Жапаров Тоқаевты президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады

Садыр Жапаров Тоқаевты президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады

Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Мемлекет басшысы құттықтағаны үшін Садыр Жапаровқа ризашылығын білдіріп, Қырғызстанмен арадағы көпжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайта беретініне ниетті екенін жеткізді. Әңгімелесу барысында тараптар қазақ-қырғыз стратегиялық  серіктестігі мен одақтастығы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.