Алматыда 15 жастағы мектеп оқушысы жоғалып кетті
Алматыда 15 жастағы мектеп оқушысы жоғалып кетті
Фото: Интернеттен алынды
774
оқылды
Үйден шығып кетіп, оралмаған мектеп оқушысы іздестірілуде, – деп хабарлайды Алматы қалалық білім басқармасы Facebook парақшасында. Күнту Шерхан Тұрмаханбетұлы 8 сыныпта оқиды. Ол 20 ақпан күні сағат 14:30 үйден шығып, осы уақытқа дейін оралмаған. Баланың ата-анасы полицияға кеше кешкі сағат 21-де хабарласқан. Баланы іздеп табу үшін арнайы топ құрылды. Оның құрамына ювеналды және криминалдық полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар бар. «Іздеу жұмыстарына волонтерлер де тартылды. Қазір қаладағы барлық сауда үйлері мен компьютерлік клуб қызметкерлеріне баланың суреті таратылды. Іздеу жұмыстары түнде басталды. Бала аман–есен табылады деген үміттеміз», – дейді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.