Демалыс күндері кей өңірде жаңбыр жауып, көктайғақ және екпінді жел тұрады
Демалыс күндері кей өңірде жаңбыр жауып, көктайғақ және екпінді жел тұрады
© 24.kz
238
оқылды
Демалыс күндері республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын, жаңбыр, сулы қар, тұман, көктайғақ және екпінді жел тұрады, - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі. Қазақстанның орталығы мен шығысында оңтүстік циклоннан қар жауады, жексенбі күні кей жерлерде боран соғып, екпіні қатты жел тұрады. Циклонның артынан Поволжья аудандарынан антициклон ығысады, ол жауын-шашын мен аздаған суытуды тоқтатады. Ауа температурасы төмендесе де, ол әлі де орташа көпжылдық мәндерден 3...6°С жоғары болады.