Балаға екпе салдырту міндетті ме?
Балаға екпе салдырту міндетті ме?
интернеттен алынды
269
оқылды
Екпеден бас тарту дифтерия, көкжөтел, полиомиелит, қызамық, В гепатиті, қызылша, эпцефалит, туберкулез, паротит және сіреспе ауруына әкеледі. Сондықтан егу шараларын 9 айдан бастайды. Ал елде екпеден бас тартатын ата-аналардың саны жыл сайын өсіп келеді. Бұл – бала өміріне қауіпті. Мамандардың айтуынша, вакцина салдыру – аурудың алдын алу кепілі.    Жалпы, ата заңда бала денсаулығы мен құқығын қорғау нақты көрсетілген. Қазақстан Республикасы  «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі  89-бабының 1.1-тармағында «Әрбір бала денсаулық сақтау жүйесінің заманауи және тиімді қызметін, ауруларды емдеу құралдарын пайдалануға және денсаулығын қалпына келтіруге құқылы» делінген. Сондай-ақ 156-бабтың 1-тармағында «Қазақстанда тұратын физикалық тұлғалар кепілді ақысыз медициналық көмек шеңберіндегі инфекциялық және паразитарлық ауруларға қарсы алдын алу екпелерін алуға міндетті» деп белгіленген. Яғни, баласына вакцина салдырудан бас тартқан кез келген ата-ана жазалануы мүмкін. Бүгінде бұл мәселені қарастырып жатыр.