Тоқаев Ташкенттегі «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоғын қойды
Тоқаев Ташкенттегі «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоғын қойды
402
оқылды
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаевты Ташкент халықаралық әуежайынан Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды.    width= Екі күндік сапар аясында Өзбекстан президентімен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізу, бірқатар келісімге қол қою жоспарланған.    width= Президент Ташкент қаласының «Янги Узбекистон» саябағындағы «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоғын қойды.  width=  width= Монумент былтыр осы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай орнатылған. Ескерткіште өзбек халқының тарихындағы ең маңызды оқиғалар мен белгілі мемлекет қайраткерлерінің, қолбасшылары мен ғалымдарының бейнелері кескінделген.    width= Мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасы президентінің Ташкенттегі «Куксарой» резиденциясының құрметті қонақтар аллеясына ағаш екті.  width=    width=    width=