Балалардың дерекқоры құрылмақ
Балалардың дерекқоры құрылмақ
336
оқылды
Қолайсыз отбасыда тұратын және тәуе­кел тобындағы кәмелетке толмағандардың республикалық дерекқоры құрылмақ. Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген бала құқын қорғаудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында аталмыш ведомство белгілеген бір­не­ше санатқа енетін балалардың дерекқоры жасала­тыны айтылды. Олардың қатарында бұрын зорлық-зомбылық қылмысы үшін сотталған адаммен бірге тұратындар, денсаулығына, өміріне және жыныстық тұ­тас­тығына қол сұғатын қылмыс құрбандары, кә­ме­летке толмағандар саудасының құрбаны болған және заңсыз ұрланған немесе елден тыс жерлерге көшірілгендер, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшы­рағандар, ата-анасы немесе оларды алмас­тыра­тын адамдар, қамқоршылар және басқа туыстары тарапынан қатыгездікке ұшырағандар, өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасағандар, жүктілігі бар немесе түсік жасағандар және тағы басқа санаттар бар.