Бауыржан Байбек көпбалалы отбасыларға үйдің кілтін тапсырды
Бауыржан Байбек көпбалалы отбасыларға үйдің кілтін тапсырды
190
оқылды
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында көпбалалы отбасылар баспаналы болды. NurOtan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек екі жанұяға жаңа тұрғын үйдің кілтін тапсырды.    width= Аудандағы игі шараға қатысқан партия Төрағасының Бірінші орынбасары Қазыбек би ауылдық округінен аз қамтамасыз етілген көпбалалы отбасыларға баспана салуға атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді.
«Әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасыларға қолдау білдіріп, баспана салуда үлес қосқан баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін. Біз қиналған қандасымызға қолұшын созып, сүрінсе демеу болған халықпыз. Тәрбиеміз солай. Атаның қанымен, ананың сүтімен бойымызға дарыған бұл қасиетіміз ешқашан жоғалмайды», – деді Бауыржан Байбек.
     width=Сонымен қатар Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Абай ауылдық округінде шаруалармен кездескен болатын.    width= Халықтың ұсыныс-пікірін тыңдаған Бауыржан Байбек шаруалардың сұрақтарына жауап берді. Жетісай қаласында жаңадан салынған заманауи емхананың дәрігерлерімен де жүздесті.    width= Аймақтағы денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесімен танысты.