«Байтақ» партиясының өкілдері веломарафон ұйымдастырды
«Байтақ» партиясының өкілдері веломарафон ұйымдастырды
343
оқылды
Алматыда «Байтақ» жасылдар партиясының белсенділері мен жас спортшылар веломарафон ұйымдастырды. Іс-шараға қатысушылар мәдениет және демалыс саябағынан бастап, шаһар көшелері арқылы 10 шақырымды бағындырды. Саяси құрылым өкілдері осы арқылы қоғам арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, күнделікті автокөліктен көрі велосипедті жиі пайдалануды насихаттауды көздеп отыр. Белсенділер жастардың бос уақытын таза ауада тиімді өткізуі маңызды дейді. байтақ Веломарафоннан кейін саяси ұйым мүшелері спортшылармен кеңінен әңгімелесіп, партия бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндірді. Сауалдарына жауап беріп, экологиялық мәселелерге қатысты ой-пікірлерімен бөлісті. байтақ Айта кетейік, Алматы қаласы бойынша Мәжіліс депутаттығына партиялық тізім бойынша 3 кандидат тіркелген. Мәслихат сайлауында 13 үміткер бақ сынайды.