Үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр
Үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр
397
оқылды
 «Байтақ» жасылдар партиясының белсенділері Алматыда жастармен кездесті. Басқосуға саяси ұйым мүшелері – белгілі заңгерлер, дипломаттар мен саясаттанушылар қатысты. Жүздесу аясында партия бағдарламасының негізгі бағыттары түсіндіріліп, алдағы науқанның маңыздығы айтылды. Алдыңғы толқын ағалар қоғамда экологиялық мәдениет қалыптастыру төңірегінде әңгіме өрбітіп, жастардың ой-пікірлерін тыңдады. Шаһарда үгіт-насихат жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатыр. Партия белсенділері алдағы күндері де қарапайым сайлаушылармен және еңбек ұжымдарымен бірқатар кезедесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Үгіт-насихат Айта кетейік, Алматы қаласы бойынша Мәжіліс депутаттығына партиялық тізім бойынша 3 кандидат тіркелген. Мәслихат сайлауында 13 үміткер бақ сынайды. Үгіт-насихат
«Аударма «Еркін диалог форматында өткен кездесу нәтижелі болды. Жастар тарапынан көп сұрақ қойылды. Олар тиісті жауаптарын алды. Аға буын мен бүгінгі жастар арасындағы қарым-қатынас осылай жалғаса беруі тиіс деп есептейміз», - дейді Байтақ» жасылдар партиясы саяси кеңесінің мүшесі Айнұр Сәбитова.