Партия өкілдері тігін фабрикасында болды
Партия өкілдері тігін фабрикасында болды
340
оқылды
«Байтақ» жасылдар партиясының белсенділері Шымкентте тігін фабрикасына ат басын бұрды. Қаладағы сайлауалды штаб өкілдері еңбек ұжымымен кездесіп, саяси құрылым тұғырнамасының негізгі бағыттарын таныстырды. Елде жүргізіліп жатқан саяи және экономикалық реформалар төңірегінде ой өрбітіп, алдағы науқанның маңыздылығы туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, байтақтықтар қоршаған орта мен экологиялық мәселелерге қатысты жұмысшылардың пікір-ұсыныстарын тыңдап, сауалдарына жауап берді. Партия өкілдері кәсіпорын жұмысымен де танысты. Тігін фабрикасы 2013-жылы ашылған. Қазір мұнда 70 адам еңбек етеді. Фабрика тапсырыс арқылы арнайы киімдер тігеді. Партияның республикалық және өңірлерлік штабтары кестеге сай жұмыс істеп жатыр. Үгіт-насихат жұмыстары кезінде тиісті заң талаптары қатаң сақталуда. Штаб жұмыстарына білікті мамандармен қатар, облыс халқының санына қарай еріктілер тартылған. Айта кетейік, Шымкент шаһары бойынша Мәжіліс депутаттығына партиялық тізім бойынша 1 кандидат ұсынылған. Қалалық мәслихатқа 8 адам ұсынылып отыр. Тағы бір кандидат можаритарлық жүйе бойынша сайлауға түседі.