Жалдамалы жұмысшылардың құқығын қорғайтын партия
Жалдамалы жұмысшылардың құқығын қорғайтын партия
©halykpartiyasy.kz
381
оқылды
Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев аймақтардағы сайлауалды үгіт-насихат жұмысын жалғастырып жатыр. Партия төрағасы Павлодар облысының сайлаушыларымен кездесті. Павлодардағы «УПНК-ПВ» ЖШС еңбек ұжымымен кездескен Ермұхамет Ертісбаев оларды партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, социал-демократиялық бағытқа басымдық берілгенін. Зауыт күйдірілген мұнай коксын өндірумен айналысады және экспортқа өнім жөнелтеді. – Әлеуметтік әділеттілік идеясы халық арасында өміршеңдігін сақтап тұр, оны жүзеге асыратын уақыт келді, – деді ҚХП төрағасы. Халық партиясы демократияны, мемлекеттік басқару мен басқа да жетекші салалардағы реформаларды, тегін медицина мен білім беруді, тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруды, аймақтарды дамытуды, олигархиямен күресуді, күшті мемлекет қалыптастыруды жақтайды. Орта тап пен елдің барлық азаматтарының өмір сүру деңгейін көтеруді қолдайды. – Еңбек заңнамасын түбегейлі өзгерту керек, – деді Ермұхамет Ертісбаев. – Кодекс жұмыс берушілердің ғана емес, қызметкерлердің де құқығын қорғауы керек. Сонымен қатар біздің партия ауыр және қауіпті өндірістерде жұмыс істейтіндердің зейнет жасын төмендетуді жақтайды. Мұнан соң спикер сайлауалды үгіт-насихат жұмысы аясында қалалық Мәдениет сарайында халықпен кездесті. Бұл жерде концерт ұйымдастырылып, оған жергілікті «21:37» кавер тобы мен Sundance би ансамблі қатысты. Іс-шара барысында ҚХП төрағасы қала тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасын қысқаша таныстырып, сайлаушылармен пікір алмасты. Үгіт-насихат жұмысы сұрақ-жауап форматында өтті.