Омбудсмен институтын енгізу қажет
Омбудсмен институтын енгізу қажет
©halykpartiyasy.kz
769
оқылды
«Халық микрофоны» эфирінде «Саудада қалай алданбауға болатыны» жайында Халық партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Ольга Березуцкая және Балжан Досмұхамбетова талқылады. Ольга Березуцкая 14 жылдан астам уақыт бойы тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерімен айналысады. – Осы мәселемен азаматтар бізге жиі хабарласады. Себебі көпшілігі заңдарды білмейді. Салдарынан тұтынушылар күнделікті өздерінің азаматтық құқықтарының тапталуына тап болып жатады. Сондай сәтте көпшілігі не істерін білмейді. Кейбірі, тіпті  заңсыздықпен күресте уақыты мен жүйкесін жұқартқысы келмейді. Сөйтіп, мәселені жылы жауып қояды. Сапасыз тауар сату мен қызмет көрсетудегі өрескел заңбұзушылықтар бойынша елімізде арыздар жетіп-артылады. Өкінішті, бірақ отандастарымыз медицина, білім беру қызметтерінен бастап, автотұрақ билеттерін қайтару сәтіне де шағымданып жатады. Қазақстандық қоғамның құқықтық сауатсыздығының салдарынан елдегі ішкі нарықта екіұшты форма пайда болды. Көбінесе, сатып алушылар сапасыз тауарды қайтарған немесе ауыстырған сәтте уақытын, энергиясын жұмсайды. Тіпті, қаржысы  да кетеді. Ал кәсіпкердің бұл уақытта мұрты қисаймайды. Біз бұл форманы түзетуіміз қажет, – деді Ольга Березуцкая. Халық партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Балжан Досмұхамбетова «Тұтынушының құқықтарын қорғау туралы» жаңа заңның талаптарын таразылап берді. Онда тұтынушы құқын таптап, немқұрайлы қараған кәсіпкерлерге қосымша айыппұл салу туралы норма ұсынылып отыр. – Норма мемлекеттік сараптамадан өтті және ол мақұлданды, – деді Б.Досмұхамбетова. Қазақстан Халық партиясы қоғамда тек қаржылық қана емес, заңдық сауаттылықты көтеру туралы нақты жұмыстар жүргізілуі тиіс деп есептейді. Сонымен қатар  елімізде осы саладағы мәселелерді шешу үшін тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен институтын енгізу қажет екенін кандидаттар жеткізді.