Салық саясатын өзгерту керек
Салық саясатын өзгерту керек
©halykpartiyasy.kz
383
оқылды
5 наурызда Мәжіліс депутаттығына кандидат, партияның Астана филиалының төрағасы Нұрдәулет Оразханов «Қамқор» сауда үйін жалға алушылармен экспромт-кездесу өткізді. Кездесу барысында қатысушыларға үгіт-насихат материалдарды таратылды, сондай-ақ елде орта тап құру және кедейлікті жою міндеті қойылған партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары түсіндірілді. Партияластардың пікірінше, бұған Кедейлікке қарсы заң қабылдау, сондай-ақ салық саясатына дұрыс көзқарасты қалыптастыру арқылы қол жеткізуге болады. Атап айтқанда, отандастар өнімі мен қызметтерінен ҚҚС-ты алып тастау, ірі компанияларға қатысты прогрессивті салық салу шкаласын енгізу, шағын және орта бизнесті кредиттеу кезінде делдалдарды жою, сондай-ақ кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан берілетін несие тәртібін айқындау қажет. Бағдарламаның негізгі мақсаты – елдің билігі мен байлығы халыққа тиесілі болуы керек, яғни сайлаудан кейін Қазақстанда халықтық үкімет, ықпалды Парламент, тәуелсіз соттар және халық сайлаған әкімдер сайлаушыларға қызмет етуі қажет. – Ол үшін 19 наурызда сайлауға келіңіз, бізге дауыс беріңіз! Біз жаңа Қазақстанды құруға белсенді қатысыңыз – деді Нұрдәулет Оразханов.