Медсақтандыру бойынша мобильді қосымша арқылы шағымдануға болады
Медсақтандыру бойынша мобильді қосымша арқылы шағымдануға болады
Фото: Интернеттен алынды
296
оқылды
Медициналық сақтандыру қоры Qoldau 24/7 атты мобильді қосымшаны іске қосты. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша тәулік бойы шағым қабылдайды. ⠀ ⠀ Өтінішті қалдыру үшін қосымшада тіркелу қажет. Шағымға фотосуретті қоса жіберуге болады. Тіркеуден кейін өтініштің қаралуы қай сатыда екенін қадағалау мүмкіндігі бар. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының 1406 бірыңғай байланыс орталығы да бұрыңғыдай тәулік бойы жұмыс істейді. 1 қаңтардан бастап нөмірге 40 мыңнан астам қоңырау келіп түсті. – Егер пациентте медициналық сақтандыру жүйесінде оның құқықтарына қатысты мәселелер туындаса, бірінші кезекте ол медициналық ұйымдарға пациенттерді қолдау қызметіне жүгіне алады. Егер ол сауалдарына жауап алмаса, облыстық денсаулық сақтау басқармасының шұғыл желісіне 955-559 нөмірі бойынша қоңырау шалуға болады. Бұдан әрі медсақтандыру қорының бірыңғай байланыс орталығына немесе Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасында жазуға болады, – деп түсіндірді медсақтандыру Қоры Қарағанды филиалының бөлім басшысы Светлана Щеткина. Ләззат Қожахметова, Қарағанды облысы