Димаш Құдайберген Жапонияда концерт береді
Димаш Құдайберген Жапонияда концерт береді
Фото: Интернеттен алынды
207
оқылды
Димаш Құдайбергеннің Жапониядағы «Джаз фестивалі» аясында концерті өтеді. Әнші instagram-дағы парақшасында хабарлады: «See you in JAPAN. Жапониядағы «Джаз фестивалі» аясындағы концертімде көріскенше», – деп жазды Димаш. Димаш Құдайберген  7 наурызда Ригада (Латвия), 9 наурызда Мәскеуде (Ресей), 11 наурызда Киевте (Украина), 19 наурызда Гамбургте (Германия), 21 наурызда Дюсселдорфта (Германия), 23 наурызда Штутгардта (Германия), 25 наурызда Прагада (Чехия), 4 сәуірде Минскте (Беларусь) жеке концертін өткізбек.