Азамат Есқараев Әділет министрі лауазымында қалды
Азамат Есқараев Әділет министрі лауазымында қалды
624
оқылды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды, – деп хабарлады Ақорда. Азамат Есқараев 1979 жылы 7 қазанда Алматы қаласында дүниеге келді. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қаласындағы ДЭЗ-2 жұмысшысы болып бастады. 2000-2002 жж. – РК Әділет министрлігі Заңнама департаментінің бас маманы. 2002-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінде бөлім басшысы; басқарма басшысы. 2003-2005 жж. – ҚР Әділет министрлігі Заңға тәуелді актілер департаменті бөлімінің басшысы. 2005-2006 жж. – Алматы қаласы әкімдігінің бас инспекторы. 2006-2007 жж. – «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Заң қызметтері департаментінің бас менеджері. 2007 жж. – ҚР Әділет министрлігінің құқықтық мәселелері жөніндегі консультанты; Ішкі әкімшілік департаментінің жетекші маманы. 2007-2008 жж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрінің көмекшісі. 2008-2009 жж. – ҚР Әділет министрлігінің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры. 2009-2014 жж. – ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры. 2014-2019 жж. – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2019 жылғы маусымнан 2023 жылғы қаңтарға дейін – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Заң бөлімінің меңгерушісі. Биылғы қаңтардың басында Әділет министрі қызметіне тағайындалған.