Жуырда Ильхам Әлиев ресми сапармен Қазақстанға келеді
Жуырда Ильхам Әлиев ресми сапармен Қазақстанға келеді
Фото: inbusiness.kz
579
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2023 жылы 10 сәуірде Қазақстанға Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Астанада екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланған. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың негізгі мәселелері талқыланады.