Нұр-Сұлтанда боди-массаж «қызметін» ұсынған 26 қыз ұсталды
Нұр-Сұлтанда боди-массаж «қызметін» ұсынған 26 қыз ұсталды
Фото: Интернеттен алынды
333
оқылды
Нұр-Сұлтан полициясы рейдтік шаралар барысында интим қызмет көрсеткен, сондай-ақ боди-массаж қызметін ұсынған 26 қызды ұстады. «Қаладағы коттедждердің бірінде массаж салонынан (боди-массаж қызметін көрсеткен) 26 қыз ұсталды. 20-29 жастағы қыздар басқа қалалардан келген. Ұсталған қыздар тіркеуде тұрған не тұрмағаны тексерілді» делінген полицияның ресми мәлімдемесінде. Қазіргі уақытта үй иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК 450-бабы («Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну») әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр. «Сондай-ақ, коттеджді тексеру барысында, полицейлер есірткі заттарын тәркіледі. ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр», – деді полиция өкілдері.