Күдікті – 11-сынып оқушысы.
Түркістан облысында қызды өлтірді деген күдікпен 11-сынып оқушысы ұсталды
1,764
оқылды

Түркістан облысының полицейлері 9 сәуірде Ордабасы ауданындағы суару каналынан мәйіті табылған қызды өлтірді деген күдіктіні анықтады, – деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

«Күдікті – 11-сынып оқушысы. Ол полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынды», – делінген хабарламада.

Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Тергеу ісі Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.