Апта басынан Жамбыл және Түркістан облыстарында жанар-жағармайды елден әкетудің алдын алу үшін рейд жүргізіле бастаған
57 жүргізуші жауапқа тартылды
1,330
оқылды

Жанар-жағармайды елден әкетудің алдын алу үшін ішкі істер органдары мен көліктік бақылау инспекциясы бірлесе жүргізген рейд кезінде 57 жүргізуші жауапқа тартылды.

Апта басынан Жамбыл және Түркістан облыстарында жанар-жағармайды елден әкетудің алдын алу үшін рейд жүргізіле бастаған. Полиция қызметкерлері тиісті рұқсатсыз қосымша жанармай бактарын орнатып алған көліктерге баса назар аударады.

Құқық­бұзу­шылықтың мұндай түрі үшін Әкім­шілік құқық­бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 7-бөлігі бо­йын­ша әкімшілік жауапкершілік қарас­тырылады. Іс-шараның 3 күнінде осындай құқық­бұзу­шылықтар жа­сағаны үшін 57 жүргізуші жауапқа тартылыпты. Тағы 21 әкімшілік материал бойынша көлік құралдарын одан әрі пайдалануға тыйым салынды.