Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды
Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды
1,226
оқылды

Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Депутаттардың талқылауына Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді қолданудың ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылды.

Отырыста ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақ­тастығы туралы келісімді ратификациялау туралы мәселе көтерілді.

Сонымен қатар ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және еліміздің арнаулы мемлекеттік орган­дарындағы қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын жұмысқа алу жоспарланып отыр.