Сенат депутаттары Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды талқылады.
Сенатта Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасының тәртібі туралы келісім талқыланды
872
оқылды

Келісімнің мақсаты – Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы мемлекеттік шекара қатынастарын реттеу және құқықтық негізін белгілеу. Келісімде Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасының тәртібі белгіленді және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін одан әрі нығайту көзделіп отыр.

Белгілі бір ережелер мен тәртіп, атап айтқанда мемлекеттік шекараны күтіп ұстау, адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және өзге де мүлікті шекара арқылы өткізу, ұшуларды жүзеге асыру, мемлекеттік шекарада, шекара бекеттерінде шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу, сондай-ақ шекаралық оқиғаларды шешу мемлекеттік шекара тәртібінде қамтылып отыр.

Комитет мүшелері талқылау нәтижесі бойынша заңды Палата отырысында қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.