«AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалы Бюросының келісімі бойынша филиалдың атқарушы хатшысы лауазымына Айгүл Маликова тағайындалды.
«AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалы атқарушы хатшысы тағайындалды
1,216
оқылды

«AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалы Бюросының келісімі бойынша филиалдың атқарушы хатшысы лауазымына Айгүл Маликова тағайындалды. Оны ұжымға «AMANAT» ПОФ төрағасы Илья Теренченко таныстырды.

Илья Теренченко қазіргі уақытта облыстық филиалдың алдында партияның аумақтық филиалдарының жұмысын жандандыру, өңірлік сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру, азаматтармен кері байланысты күшейту, барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттық фракциялары жұмысының тиімділігін арттыру сияқты бірқатар міндет тұрғанын атап өтті.

Айгүл Маликова 1976 жылы дүниеге келген. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің түлегі. 2015 жылы Инновациялық Еуразия университетін, ал 2019 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің магистратурасын тәмамдады.

Әр жылдары биология және химия пәнінің мұғалімі, директордың орынбасары және мектеп директоры қызметін атқарды. 2019 жылдың қазанынан 2022 жылдың тамызына дейін «AMANAT» партиясы Павлодар қалалық филиалының атқарушы хатшысы болды. 2022 жылдың тамызынан 2023 жылдың қаңтарына дейін Павлодар қаласының білім бөлімін басқарды.

Биыл қаңтар айынан бастап Павлодар қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

Айта кету керек, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» партиялық бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2021-2022 жылдары өңірде 860 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, халықтың әлеуметтік осал тобы арасында 2 мыңнан астам пәтер бөлінді, 26,5 мың адам жұмысқа орналастырылды, 111 мектеп жаңғыртылып, жөнделді, облыстың 4 қалалық және 15 аудандық медициналық ұйымында күрделі жөндеу жүргізілді, 50 мың адамды қамтитын 40-тан астам сумен жабдықтау нысандары салынды.