Жартылай жығыла баспалдақпен төмен құлдилаған ер адам еденге құлағанда есінен танып қалған.
Қарағанды қаласында эскалатормен түсіп бара жатқан ер адамды бейтаныс біреу арқасынан теуіп жіберді
2,760
оқылды

Бұл туралы Рolisia.kz хабарлайды.

Оқиға қаладағы «Сити Молл» сауда үйінде болған.

«Қарағанды қаласының 25 жастағы тұрғынына дене жарақаттарын келтіру дерегіне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Полиция қызметкерлері жүйке жүйесінде ақауы бар 31 жастағы тұрғынды анықтап, оны психоневрологиялық диспансерге орналастырды», – делінген полиция хабарламасында.