Ұлттық музейде «Қол­өнер­шілер орталығы» мен «Палеонтология» залының ашылу салтанаты өтті.
Палеонтология залы ашылды
912
оқылды

«Қолөнершілер орталығы» Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Ха­лық бірлігі және жүйелі рефор­малар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы шеңберінде іске асырылуда. Аталмыш Жол­дауда ҚР Үкіметіне өнердің дарынды өкілдерін, оның ішінде суретшілер мен мүсіншілерді қол­дау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу тапсырылған болатын. Орталық отандық қолөнерді қол­дау­ға, сауда аймағын құруға, сон­дай-ақ сәндік-қолданбалы өнер саласындағы музей маркетингі мен менеджментін дамытуға ба­ғытталған.

Ал «Палеонтология» залы та­рихқа дейінгі кезеңдегі Қазақ­стан­ның жануарлар әлемінің ал­уан түрлілігі мен байлығын на­сихаттауға, сондай-ақ әртүрлі гео­логиялық дәуірлерде өмір сүр­ген омыртқалы тіршілік иеле­рінің эволюциясын көрсетуге ар­налған. Онда тираннозавр, үш саусақты гиппарион жылқысы, үлкен мүйізді бұғы, алып мүйіз­тұмсық (индрикотерий), мамонт секілді ежелгі тарихқа дейінгі кезең жануарларының және Қазақ­стан аумағында палеон­толог­тар мен геологтар тапқан басқа да тіршілік иелерінің қаңқа­лары жинақталды. Экспозицияда жалпы саны 263 экспонат ұсыны­лып отыр.

– Динозаврлар кезеңінен келе жатқан Ұлы Даладағы тіршілік пен мәдениетті осы көрмеден тамашалауға болады. Мұндағы археологиялық мұраны отандық академиктер 30 жыл бойы жина­ған.  Көрме залы балаларға қы­зық­ты заманауи форматта жаса­лып отыр, – дейді   Мәдениет және спорт министрі Асхат Ора­лов. 

Көрменің хронологиясы б.з.д. IV мыңжылдықтан  XIX ғасырдың ортасына дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл қазақ дала өркениетінің өз мәдени кодын қалыптастыра отырып, үдемелі дамып келе жатқан уақыт. Экспозицияның негізін Қазақстан Респуб­лика­сы­ның бірқатар музейлерінің қорла­рынан алынған шынайы сирек жәдігерлер құрайды, өйткені Қа­зақ­стан тарихының барлық негізгі дәуірлері таныстырылатын болды.

К.ҚАРҚЫН