Үш ауысымды мектептер саны – 143. Апатты мектептердің саны – 52.
Алтай Көлгінов: Балалар қабырғасы балшық пен ағаштан қаланған мектепте оқып жүр
1,661
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде жиын өтті. Үкімет басшысының орынбасары Алтай Көлгінов баяндама жасады. 

Көлгіновтың айтуынша, Қазақстанда 270 мың адамға білім ошағы тапшы. Үш ауысымды мектептер саны – 143, апатты мектептер – 52, 300-ден астам саман және ағаштан жасалған білім мекемесі бар.

«Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан және Алматы облыстарындағы білім сапасы республикалық көрсеткіштен әлдеқайда төмен», – деді Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов.