5 науқас ауруханада жатыр.
"2 адам жансақтау бөлімінде": Жаңаөзенде жарылыстан зардап шеккен науқастардың қазіргі жағдайы айтылды
937
оқылды

Қазір Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасында жарылыстан зардап шеккен 5 адам жатыр. Дәрігерлер науқастардың жағдайын айтты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бізде қазір 5 науқас жатыр. 6 науқас түскен еді. Біреуі күйікпен облыстық ауруханаға ауыстырылды. Жансақтау бөлімінде 1 келіншек пен ер адам жатыр. Екеуінің де жағдайы ауыр. Әйел сәл есін жиып келеді. Травматология бөлімшесінде 2 қыз бен ер адам бар. Олардың жағдайы орташа», – деді Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасының басшысы Серік Асқаров.

Айта кетсек, 17 сәуірде Жаңаөзен қаласының 2-шағынауданындағы екі қабатты үйде жарылыс болып, 13 адам зардап шеккен еді.

Зардап шеккендердің бірі жедел жәрдеммен Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына жеткізілген болатын.

Оқиғаға орай қылмыстық іс қозғалды. Жарылыста барлығы 4 адам қаза тапқаны белгілі болды.