Зардап шеккен бала сол күні үйінде 2016 жылғы әпкесі екеуі ғана болған.
Қосшыда терезеден құлаған 5 жасар баланың ата-анасын тергеу басталды
1,334
оқылды

Қосшы қаласында 5 жасар бала терезеден құлады. Ақмола облыстық ПД-ніың мәліметінше, үйде бала мен 7 жастағы әпкесі ғана болған. 

Қосшы қалалық ПБ кезекші бөліміне Астана қалалық №2 балалар ауруханасына ауыр жарақат алған 5 жасар баланың түскені туралы хабарланды.

Зардап шеккен бала сол күні үйінде 2016 жылғы әпкесі екеуі ғана болған. Ата-анасы жұмысқа кеткен. Бала 4-қабаттағы пәтердің терезесінен құлаған. Жылап жатқан баланы көріп, өтіп бара жатқан адамдар жедел жәрдем шақырды. Бала ауруханада емделіп жатыр.

Полиция осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 141-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.