Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты
Қазақстанға шетелге заңсыз шығарылған 670 миллиард теңге қайтарылды
1,197
оқылды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев шетелден Қазақстанға 600 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылғанын айтты.

Бүгін Мәжілісте тілшілер Үкімет басшысының орынбасарына елден заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға қатысты сұрақ қойды.

«Бұл бағыттағы жұмыстар бойынша Бас прокуратураның деректері жарияланып жатыр. Қазіргі кезде 670 млрд теңге қайтарылды», - деді Е. Жамаубаев.