ҚР Парламентінің Сенаты жаңа құқықтық жүйені қамтитын аталған заң жобасын 2022 жылдың наурыз айының ортасында қабылдаған
Мемлекет басшысы Әлеуметтік кодекске қол қойды
1,028
оқылды

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Кодекстің мәтіні баспасөзде жарияланады.

ҚР Парламентінің Сенаты жаңа құқықтық жүйені қамтитын аталған заң жобасын 2022 жылдың наурыз айының ортасында қабылдаған болатын.

Қабылданған Кодекстің мақсаты - жұмыспен қамтылу мазмұнына, яғни платформалық жұмыс па, бірлескен жұмыс (бір жұмыс орнында екі жұмысшы) па, жұмыс кестесі өзгермелі ме, жұмыс аптасы төрт күндік пе және басқаларына қарамастан барлық жұмысшының еңбек құқықтарын теңестіру.  Ол үшін заңнамаға «тәуелсіз жұмысшы» деген жаңа ұғым енгізіледі.