Полицей суға батып бара жатқан адамды көріп, бірден көмекке ұмтылған.
Полицей суға батып бара жатқан балықшыны құтқарды
1,696
оқылды

Қостанай облысында полицей суға батып бара жатқан балықшыны құтқарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Polisia.kz-тің мәліметінше, Лисаков қаласының учаскелік полиция инспекторы Данабек Игімбердиев жұмыс кезінде Тобыл өзенінде суға батып бара жатқан адамды байқаған. Ол көмекке тұра ұмтылып, балықшыны жағаға алып шыққан. 

Балықшы Василий Буковский өзен бетіндегі мұз жұқа екенін қаперіне алмаған. Балық аулауға бет алғанда суға батып кеткен. 

«Суға батып бара жатқан адамды көріп, бірден көмекке жүгірдім. Су мұздай, балықшы жағадан төрт метрдей қашықтықта болды. Оған қарай жүзе бастадым, жағаға шығардым. Маған да, балықшыға да медициналық көмек қажет болмады. Бірнеше минутта құтқардым», – дейді Данабек Игімбердиев. Ажалдан аман қалған Василий Буковский полицейге алғыс айтты. 

Айта кетейік, Данабек Игімбердиев ішкі істер саласында 15 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. Бұл учаскеде 2010 жылдан бері жұмыс істейді.