10-11-сынып оқушылары арасында Qaisar әскери-патриоттық ойындарының іріктеу кезеңі өтті.
Қызылордада оқушылар арасында әскери-патриоттық сайыс өтті
916
оқылды

Сырда өткен әскери-патриоттық сайыс

Қызылордада «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанаты облыстық  филиалының ұйымдастыруымен 10-11-сынып оқушылары арасында Qaisar әскери-патриоттық ойындарының іріктеу кезеңі өтті. Қатысушылар қашықтыққа жүгіруден, арнайы әскери жаттықтырушылар дайындаған кедергілерден тұратын эстафета және танымын кеңейту бойынша викторина сұрақтарына жауап беру арқылы сынға түсті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, 2022 жылы «AMANAT» партиясы «Жастар рухы» Жастар қанаты QAISAR әскери-патриоттық жобасын іске қосты.

«Ойын жыл сайын тұрақты негізде барлық аймақта өтуде. Бұл жоба қатысушыларды физикалық тұрғыдан ғана шыңдап қоймай, әскерден кейінгі жастарға ашылатын мүмкіндіктер туралы ақпарат береді», деді «Жастар рухы» ЖҚ облыстық филиалының төрағасы М.Жорабек.

Ойын нәтижесінде І орынды Қызылорда қаласынан «Дарын» мектеп-интернаты иеленсе, ІІ орынды «Абай» атындағы №2 мектебі, ІІІ орынмен №7 мектеп-лицейі марапатталды.

«Жастардың қайсарлығын шыңдаған әскери-патриоттық ойыны тартысты өтті. Шын мықтылар жеңіске жетті деп ойлаймын. Жобаның мақсаты түсінікті. Отанды қорғау әрбір азаматтың борышы. Сондықтан менде әскерде болып, өз міндетімді орындауға әрқашан дайынмын»,  деді қатысушы Қыпшақпай Сырымбет.

Іріктеу нәтижесінде І орынды иеленген «Дарын» мектеп-интернатының командасы  республикалық Qaisar әскери-патриоттық ойынына жолдама алды. Команда республикалық бәсекеде Сыр өңірінің намысын қорғайтын болады.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ

Қызылорда облысы