Әлеуметтік желіде "Түйешешпек" ойыны тарихта болған-болмағанына қатысты пікірталас туып жатыр. Тарихшы, блогер Руслан Шынтас Facebook парақшасында эротикалық мәндегі бұл ойынның болғаны туралы айтты.
Жалаңаш қыз. Түйешешпек және дәстүр. Желіде қырғыз-қазаққа ортақ делінетін ойын түрі талқылануда
2,234
оқылды

"Қанша ұят болса да айтуға тура келеді, ерте заманда түйешешпек ойыны болған. Ойынның шарты бойынша үстінде қалың кілем жауып, асыл бұйымдар артқан түйенің бұйдасын жалаңаш әйел тісімен шешіп жетектеп әкетуі керек. Және оған жас келіншек шығады", – дейді жазба авторы.

Руслан Шынтас сонымен бірге 1849 жылы Ішкі әскер министрлігі журналының №1 санында жарияланған "Киргизский туй" (М. Я. Киттары) атты жазбадан үзінді келтіреді. 

"Әйелдердің қатысуымен өтетін бұл ойынға ертеде Жәңгір хан қарсы болып, қолданыстан шығарғаны туралы Сұлтан Шоқы айтты. Сұлтан жастық шағында өзі көрген "түйешешпек" ойыны туралы өкінішпен еске алады. Мақсат ойын алаңына алып келген түйені  әйел немесе келіншек тісімен жалаңаш күйде шешіп алуы тиіс. Түйені аяқтарын көптеген түйін жасап, байлап тастайды. Бұл кезде бірқатар жастар әзілдеп тіпті бірқатар еркіндікке де бой алдырады. .... Бұл ойын Оралдың арғы жағындағы Қырғыз даласында әлі де бар. Бөкей  ордасында тек естелік түрінде ғана қалды. Жәңгірдің бұл ойынды жоюға тырысуының себептері жақсы ниеттен туған болса керек", – делінген орысша жазбада. 

Желіде пікір білдірушілердің арасында Нағыз сақ есімді қолданушы "Бұл ойын қалмақ пен қырғыздарда беріге дейін сақталған" деп фильмнен үзінді келтірген.

Қырғыздардың фильміндегі көріністе келген қонақтарға арнап ортаға түйе шығарып, жалаңаш қызға осы ойынды ойнатпақ болғанын аңғаруға болады.

"Құрметті меймандар! Ауызекі шығармада жазылып келген ұмытылып та қалған салттарымызға назар саламыз. Эротикалық театрға көңілімізді бұрамыз. Егер құмарымды қандырамын деген еркектер болса бізде қарсылық жоқ. Еңкейген қызға жынысыңды салып алсаң түйе сенікі. Сала алмасаң қыздікі", делінген қырғыз тіліндегі кинода. 

Ал Тұрсын Ғабитов түйе шешудің соңғы бір көрінісі ХХ ғасырдың басында болғанын айтады.

"Ол туралы Хлудовтың суреті Орталық музейде сақталған. Бұл көне мәдениеттің натуралистік қалдықтары. Нағыз ұят нәрселерді тіпті ХХІ ғасырда бізде элитаның кейбіреулері жасаған", – дейді.