Бүгін Қызылорда қаласында аламан ат бәйгесінен бірінші іріктеу Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен өткізіліп жатқан бәйгеге еліміздің түкпір-түкпірінен шабандоздар қатысып, өзара мықтыны анықтауда.
Қызылордада ат бәйгесінен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр
1,038
оқылды

Қызылорда қаласындағы орталық ипподромда шымылдығын түрген байрақты бәсекенің жалпы жүлде қоры 25 млн теңгені құрайды. Бас жүлдеге Astana Motors компаниясының Hyundai Bayon автокөлігі тігіліп отыр. Бұдан өзге бағалы сыйлықтар да ойнатылады.

Сонымен қатар «Ұлттық киім – Ұлт ажары» тақырыбында қыз-келіншектер арасында ұлттық киімдер байқауы да ұйымдастырылуда. Байқауға әртүрлі жастағы бұрымдылардың қатысуына мүмкіндік жасалған. Сайыстың жалпы жүлде қоры 1 млн теңгені құрайды. Атап айтқанда, 1-орын иегеріне 500 мың теңге, екінші тұғырға – 300 мың теңге берілсе, 3-ші орын иегеріне 200 мың теңге тағайындалған. Байқауда 57 үміткер бақ сынасып жатыр.