Сұлулық салонының қызметкерінде медициналық және өзге де қызметті жүргізуге лицензиясы мен рұқсаты жоқ болса да, процедураны жасаған.
Өскеменде сұлулық салонында ота жасатқан әйел көз жұмды
1,046
оқылды

1962 жылы туған әйел көзге блефаропластикалық ота жасату мақсатында сұлулық салонына барған, – деп хабарлайды altaynews.kz.

 

Сұлулық салонының қызметкерінде медициналық және өзге де қызметті жүргізуге лицензиясы мен рұқсаты жоқ болса да, процедураны жасаған. Кейін әйелдің жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға жеткізіліпті. Ол жансақтау бөлімінде есін жимастан, бақилық болды.

Осы оқиғаға қатысты полиция қызметкерлері 16 сәуірде ҚР Қылмыстық кодексінің 322-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады. Қала прокуратурасы сұлулық салондарына және басқа да косметикалық процедуралармен байланысты қызмет көрсететін орындарға барған кезде абай болуды ескертті.