Баға елді мекендердің алыс-жақындығына байланысты 65 теңгеден 80 теңге аралығында қымбаттайды.
Бес өңірде автогаз қымбаттады
1,405
оқылды

Сұйылтылған газ бағасы қымбаттады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстанда автогаз құю стансаларында автогаз бағасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бұйрығына өзгерістер енгізілгеннен кейін көтерілді. 

Енді бес өңірде автогаз бағасы қымбаттады:

– Алматы қаласы – 65 теңгеден 75 теңгеге дейін;

– Алматы облысы – 70 теңгеден 75 теңгеге дейін. Ал облыс орталығынан 200 шақырым жердегі елді мекендерде сұйылтылған газ 75 теңгеден 80 теңгеге дейін қымбаттайды; 

– Шығыс Қазақстан облысы – 60 теңгеден 70 теңгеге дейін. Ал облыс орталығынан 200 шақырым жердегі елді мекендерде 65 теңгеден 75 теңгеге дейін қымбаттайды;

– Солтүстік Қазақстан облысы – 70 теңгеден 75 теңгеге дейін. Ал облыс орталығынан 200 шақырым жердегі елді мекендерде 75 теңгеден 80 теңгеге дейін қымбаттайды;

– Абай облысы – 60 теңгеден 65 теңгеге дейін. Ал облыс орталығынан 200 шақырым жердегі елді мекендерде 65 теңгеден 70 теңгеге дейін қымбаттайды.  

Қазақстанның өзге өңірлерінде газ бағасын қымбаттату жоспарда жоқ.

Фото: suraspecgas.ru