Бүгінде тауарлар мен қызметтерді жеткізу саласындағы кәсіпкерлер оқиға қайталанып, адамдар қайтадан түксіз қалады деп алаңдайды.
«Арселлор Миттал Теміртау» компаниясы 12 жергілікті кәсіпкерге шамамен 700 миллион теңге қарыз  – депутат
1,021
оқылды
Мәжіліс депуаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Ерлан Саиров Бас прокурор Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдады.
 
"Президент Тоқаев Үкіметке отандық бизнестің мүддесін қорғау міндетін нақты белгілеп отыр! Бір ғана Теміртау қалалық кәсіпкерлік және қызмет көрсету жұмыскерлері кәсіподағының деректері бойынша «Арселлор Миттал Теміртау» компаниясы 12 жергілікті кәсіпкерге шамамен 700 млн теңге қарыз. Шындығында, қазақстандық фирмаларға қатысты берешегі он есе көп.
 
"Арселлор Миттал" жеткізілген тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемді кешіктіру арқылы қазақстандық бизнес есебінен тегін несиеленудің зиянды тәжірибесін дамытты, бірақ қазір бұл компания Үкіметке көптеген шағым мен соттарға жүгінудің арқасында көптеген жыл бойы жасап келгендей, қарыздарды өтеу кестесін де қалыптастырған жоқ. Қазақстандық бизнесмендер жұмыс берушінің міндеттерін бұзбау және жұмыс орындарын сақтап қалу ниетімен жалақы төлеу үшін несие алуға мәжбүр. Нәтижесінде, мердігерлік ұйымдарда қызметкерлердің жаппай кетуі байқалады.
Лакшми Миттал түрлі «сұр» схемалардың арқасында Қазақстан халқының осынау игілігін еш ауыртпалықсыз, су тегін алғаны белгілі. Барлық қарыздар, оған комбинаттың мүліктік кешенін бергеннен кейін, "Қармет" МАҚ-қа жүктеліп, нәтижесінде көптеген өнім берушілерді 90-жылдардағы сияқты "лақтырып кетті",  деп жазды ол.
 
Депутаттың айтуынша, бүгінде тауарлар мен қызметтерді жеткізу саласындағы кәсіпкерлер оқиға қайталанып, адамдар қайтадан түксіз қалады деп алаңдайды.
 
"Осыған байланысты «AMANAT»  партиясының фракциясы Қазақстан Республикасы прокуратурасы мына мәселеге баса назар аударуы қажет деп есептейді.
1. «Арселлор Миттал» жұмысына өнім берушілер алдындағы қарыздарын қасақана төлемеу мәніне аудит жүргізу.
2. Осы компанияның тауарлары мен қызметтерін отандық өнім берушілердің мүдделері үкіметтік деңгейде қорғалуы үшін қажетті іс-шаралар өткізу. Әйтпесе жұмыссыздар қатары толып, әлеуметтік шиеленістің арту қаупі бар, деген ұсыныс тастады Ерлан Саиров.