Оның айтуынша, аудиторлық тексеріс әлі де жүріп жатыр, бұл сома әлі өзгеруі мүмкін.
Асхат Жұмағали Талдықорған қаласының білім бөлімінің бас бухгалтерінің ұсталуына қатысты пікір білдірді
1,540
оқылды
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали 25 сәуірде Талдықорған қаласы Білім бөлімінің бас бухгалтерінің ұсталуына қатысты пікір білдірді.
"Талдықорған қалалық білім бөлімінің есепшісі шамамен 2 миллиард теңге жымқырған. Аудиторлық тексеріс әлі де жүріп жатыр, бұл сома әлі өзгеруі мүмкін. Есепшіні ұстаған кезде 1 миллиард теңге тәркіленді. Оның біразы шетел валютасына ауыстырылған. Сондай-ақ тұрғылықты жерінен 14 пәтер, 7 коммерциялық нысанның құжаты табылды", – деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали.
 
Асхат Жұмағалидың айтуынша, есепші ұрлаған қаржы мақсатты түрде жұмсалса Жетісу облысындағы әрбір мұғалім шамамен қосымша 800 мың теңге алар еді.
 
"Шымкент, Шығыс Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарында мұндай қылмыс түрі кең тараған. Жемқорлыққа мектеп, колледж басшылары мен балабақша меңгерушілерінің де қатысы бар. Жемқорлықтың жартысын білім жүйесіндегі басшылар жасап отыр", – деді агенттік төрағасы.