«Ұлттық мұра» жобасының мақсаты – мәдениетімізді қалыптастыру, ұлттық тәрбиені арттыру.
«АМАNAT»: «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында қоғамдық  дәріс өтті
1,398
оқылды

«АМАNAT» партиясының «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжде Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай «Ұлт ақыны – Шәкәрім» атты қоғамдық дәрісі өтті. Тағылымды іс-шараға «AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының атқарушы хатшысы Думанғазы Арғынғазин, филиал қызметкерлері, Абай облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұратқазы Әлин, қаланың белгілі ғалымдары, тарихшылары, жазушылары мен жастар қатысты. 

Тарихи-танымдық іс-шарада «АМАNAT» партиясынан Абай облыстық мәслихат депутаты Шағангүл Жанаева ашып, сөз сөйледі. 

– «АМАNAT» партиясының бастамасы – халыққа қызмет ететін бірден-бір тиімді жобалар. Сол жобалардың бірінде біз бас қосып отырмыз. Биыл мерейтой көп. Халқымыздың мерейін үстем ететін игілікті іс-шаралар көп болады деген үміттеміз. Бүгінгі іс-шара Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына арналып отыр, – деді Шағангүл Алдамжарқызы.

Партияның Абай облыстық филиалының атқарушы хатшысы Думанғазы Арғынғазин партиялық жобаның мақсаты мен міндетіне тоқталып, маңыздылығын атап өтті. 

 

 

– «АМАNAT» партиясының ұлттық құндылықтарды насихаттау бағытында «Ұлттық мұра» жобасы 2019 жылдан бері іске асырылып келеді. 

«Ұлттық мұра» жобасының мақсаты – мәдениетімізді қалыптастыру, ұлттық тәрбиені арттыру. Қоғамдық дәріс түрінде өтіп жатқан іс-шара халқымыздың 1920-1930  жылдардағы қасірет тағдырынан сыр шертеді. Жас буынға осындай дәрістер өте қажет деп есептеймін. Сондықтан мұндай шараларда белсенді болуға шақырамын!» – деді Думанғазы Семейғазыұлы. 

Жоба аясында жүргізілетін жұмыс әртүрлі. Қоғамдық дәрісті филология ғылымдарының кандидаты, «Абай және ұлттық руханият» ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері Ақмарал Смағұлова жүргізді.

Іс-шара барысында Ақмарал Төлеуғазықызы Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы тың деректер ұсынып, ақын мұралары жөнінде мазмұнды баяндамалар жасады.

Дәрістен соң «AMANAT» партиясының «Ұлттық мұра» жобасы аясында осындай мазмұнды дәрістерді өзге колледждерде де ұйымдастыру  жоспарланып отыр. 

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының қызметкерлері көпшілікті «Шәкәрім әлемі» көрмесімен таныстырды.