Жігіт Ақмола облысы Мариновка ауылынан табылды.
СҚО-да психдиспансерден қашқан жігіт 5 күннен кейін Ақмола облысынан табылды
901
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысында психикалық денсаулық орталығынан кетіп қалған 29 жастағы жігітті полиция қызметкерлері аман-есен тапты.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 сәуірде Тайынша ауданының полиция бөліміне Тайынша қаласының психикалық денсаулық орталығы аумағынан белгісіз бағытта 29 жастағы науқас адамның кеткені туралы хабар түсті.

Полицейлер іздестіру іс-шараларын бастады, оларға волонтерлер көмекке келіп, әлеуметтік желілерде фото бағдарлау таратты.

Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 25-нен 26 сәуірге қараған түні жоғалған адамның орналасқан жері анықталды.

Жігіт Ақмола облысы Мариновка ауылынан табылды.

Ер адам Тайынша қаласынан жолға шығып, Астанаға кеткен. Сол жерден алыс туыстары оны Мариновкаға жіберген екен.

26 сәуірде іздеудегі адам Тайынша қаласына аман-есен жеткізіліп, психикалық денсаулық орталығының басшылығына тапсырылды.