Толық өткен он раунд қорытындысы бойынша, төрешілер жеңісті Петряковқа берді (97-93, 95-95, 96-94). Алайда бұл шешім дау тудырып отыр.
Ресейде төрешілер қазақстандық боксшының аяғынан шалды (ВИДЕО)
1,138
оқылды

Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Сағадат Рахманқұлов (8-5, 6 КО) кәсіпқойда кезекті жекпе-жегін өткізді, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Петерборда өткен бокс кешінде  Сағадат ресейлік Виталий Петряковпен (15-0, 11 КО) жұдырықтасты. Толық өткен он раунд қорытындысы бойынша, төрешілер жеңісті Петряковқа берді (97-93, 95-95, 96-94). Алайда бұл шешім дау тудырып отыр. 

"Ұят емес пе?! 9 раундта 1 000 соққы өткізіп алды. Қолын көтеріп жатыр. Кім жеңгенін бәрі көрді". "100 пайыз қазақ жеңді, төрешілер аяқтан шалды", – деп жазды кей бокс жанкүйерлері әлеуметтік желіде.