Қызылорда облысында бірнеше күн бойы тоқтамай соққан күшті желдің салдарынан құм көшкіні болып, арасынан адамның мәйіті табылған. Бұл туралы Facebook-тегі парақшасына Ләззат Бақтыбаева жазды.
Қызылордада құм көшкіні болды, арасынан адам мәйіті шықты
1,019
оқылды

"Жел болғанның да пайдасы бар екен. Бірнеше күннен бері тоқтамаған желдің салдарынан, құм көшіп, "Арал - Газ" және Белкөлдегі поезд отстойы маңынан адам мәйіті табылғаны туралы What’sApp арқылы тараған фотолар халық арасында үрей тудырып жатыр", – деп  жазды ол. 

Желі қолданушысының мәліметіне қатысты Қызылорда қалалық Полиция басқармасы пікір білдірген. 

"Бұл жарияланым бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қосымша хабарланатын болады", – делінген құзырлы органның жауабында.