Дәрігерлердің айтуынша, бала ауыр жағдайда жатыр.
Павлодарда 5 жасар қыз бесінші қабаттан құлап кетті
693
оқылды

27 сәуір күні Павлодар қаласына қарасты Мойылды ауылында қыз бала бесінші қабаттан құлап кеткен, – деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сағат 12:41 шамасында 2018 жылы туған қыз бала бесінші қабаттан құлаған. Сағат 13:20-да облыстық балалар ауруханасының травматологиялық бөлімшесіне жеткізілген. 

«Баланы травматолог, хирург, реаниматолог қарады. Содан кейін шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылды. Жабық бас сүйек-ми зақымы, мидың шайқалуы, оң жақ өкпенің зақымдалуы, іштің сыздап ауруы анықталды. Ота жасалды», – деді басқармада. 

Қазіргі уақытта қыз бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр.