Параканоэдан Азия чемпионатында қазақстандық Бейбарыс Сыпатай 500 метр қашықтықты 2 минут 01,07 секундта еңсеріп, Азия чемпионы атанды.
Бейбарыстың биігі
955
оқылды

«Екінші болып 2 минут 08,30 се­кунд уақытпен өзбекстандық Әзизбек Абдулхабибов келсе, үндістандық спорт­шы Котия Санджиев 2 минут 12,55 секунд уақытпен үшінші болды. Спортшылар KL2 санатында өнер көрсетті.

Сондай-ақ жарыста қазақстандық Жал­ғас Тайкенов (KL3) және Жаңыл Бал­табаев (VL3) 500 метр қашықтықта күміс медаль жеңіп алды», – деп ха­бар­лады мүмкіндігі шектеулі жандарға ар­налған спорттық даярлау орталығы.

Параканоэдан Азия чемпионаты Са­марқан қаласында (Өзбекстан) 26-30 сәуір аралығында өтуде. Жарысқа 8 мемлекеттен 80-ге жуық спортшы қа­тысып жатыр.