Жасөспірімдер жергілікті оқу орындарының 2006-2007 жылы туған оқушылары болып шықты.
Жетісу облысында төбелескен оқушылардың үстінен қылмыстық іс қозғалды
1,972
оқылды

Жетісу облысында төбелескен оқушылардың үстінен қылмыстық қозғалып, тергеу басталды.

Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірімдер арасындағы оқиға 15 сәуірде Талдықорған қаласындағы орталық саябақ аумағында болған. Оған қатысқандардың барлығы анықталып, заңды өкілдерімен бірге қалалық полицияға жеткізілді. Жасөспірімдер жергілікті оқу орындарының 2006-2007 жылы туған оқушылары болып шықты.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабының 2-бөлімінде (Бұзақылық) көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмыстық істі тергеу облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауына алынды»,- делінген аталған ведомствоның хабарламасында.